«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» сарапшылар диалогы өтті

Астанада «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы өтті. Іс-шарада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және олардың институционалдық, құқықтық, саяси маңыздылығы ашық талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты.
«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы сарапшылар алаңын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың, академиялық және сарапшылар қауымдастығының, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік кеңесші жаңа Ата Заң жобасының маңызына тоқталды.

Үш панельдік сессия барысында сарапшылар ашық форматта жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, институционалдық, құқықтық және саяси жаңашылдықтарды талқылады. Жалпы, аталған алаңның жұмысы жаңа Ата Заң жобасын талқылауға сарапшылар қауымдастығының кеңінен тартылғанын көрсетті.



