Ел тынысыСаясат

Жаңа Конституция ережелері: «Банк Центр Кредит» АҚ ұжымымен кездесу

«Банк Центр Кредит» АҚ ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесудің спикері – «Атамекен» ҰКП Астана қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кульмагамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы.

Кездесу барысында Конституциядағы негізгі өзгерістер мен бастамалар, олардың қоғам мен мемлекет дамуына әсері жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар конституциялық реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтық қоғамның нығаюына және бизнестің дамуына тигізетін маңызын атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының рөлі туралы пікір алмасты.

Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамда ашық әрі сындарлы диалог қалыптастыруға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button