Ел тынысыСаясат

Маңызды әрі дер кезінде қабылданған шешім — белгілі спортшы

Спорттық гимнастикадан спорт шебері, Астана қаласының гимнастикалық спорт түрлері федерациясының вице-президенті Ербол Жантықов жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдіріп, елде болып жатқан өзгерістерді маңызды халықаралық жарыстарға дайындықпен салыстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның айтуынша, спорттағыдай, жоғары деңгейге шығу үшін жүйелі әрі мұқият дайындық қажет.

«Халықаралық аренада өнер көрсетпес бұрын біз әр қадамымызды нақты жоспарлаймыз, қателіктермен жұмыс істейміз, бірлесе әрекет етуді және командаға сенуді үйренеміз», — деді ол.

Ербол Жантықовтың пікірінше, бүгінде мемлекет те осыған ұқсас қағидатпен әрекет етіп отыр: ережелерді қайта қарап, негізгі тұғырларды нығайтып, стратегия мен тәртіпті қалыптастыруда. Мұндай өзгерістер қоғамның алға нық қадам басуына және елдің одан әрі дамуына берік негіз қалайды.

Сондай-ақ ол нақты мақсат пен нәтижеге жету жолындағы еңбек болған жағдайда кез келген күш-жігердің ақталатынын атап өтті. Осы себепті, оның ойынша, Конституцияны жаңарту — маңызды әрі дер кезінде  қабылданған шешім.

Сөз соңында Ербол Жантықов жаңа Конституция жобасын қолдайтынын және оның елді дамудың жаңа деңгейіне көтеруге ықпал ететініне сенетінін айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button