Ел тынысы
Жаңа геосаяси тәртіп — Қазақстан үшін тың мүмкіндіктер кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі әлем түбегейлі өзгерістер дәуіріне қадам басты. Бұл кезең сын-қатерлерге толы болғанымен, әр мемлекетке жаңа даму жолын табуға, өз орнын айқындауға зор мүмкіндік береді.
Халықаралық қатынастардағы тұрақсыздық, экономикалық теңсіздік және жаңа технологиялардың жедел дамуы мемлекеттерден батыл әрі жауапты қадамдарды талап етеді. Осындай жағдайда Қазақстанның бейбітшілікке, ынтымақтастыққа және көпвекторлы саясатқа негізделген бағыты бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Бұл саясат бізге жаһандық турбуленттіліктің ішінде сенімді жол тауып, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа геосаяси тәртіп — ұлттық мәдениетті, дәстүрді және құндылықтарды сақтап қалудың да маңызы артып отырған кезең. Қазақстан осы бағытта бірлік пен татулықты дәріптей отырып, өз үлгісін әлемге паш етіп келеді. Бұл — елімізді халықаралық аренада сенімді әріптеске айналдыратын құндылық. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы шақта Қазақстан инновация мен жасанды интеллектке басымдық беру арқылы экономикалық серпіліс жасай алады. Жаһандық өзгерістердің ауқымы қаншалықты үлкен болса да, оларды мүмкіндіктерге айналдыру біздің қолымызда.
Қорытындылай келе, жаңа геосаяси тәртіп Қазақстан үшін тек сын-қатерлер кезеңі емес, сонымен қатар жаңа серпін мен өркендеудің бастамасы. Елдің айқын бағыты мен стратегиялық шешімдері Қазақстанды тұрақтылықтың, сенімділіктің және дамудың аймағындағы үлгі елге айналдырады.
Есберген Алауханов,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
,Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер-ғалым