Ел тынысыСаясат

Жаңа даму жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады. Біздің басты мақсатымыз – қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру» деді. Осыған орай Астана халықаралық университеті профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің басын қосты.

Кездесу барысында бірнеше ай бойы қоғамда жаңа реформаларға қатысты қызу пікірталас болғаны, осы кезеңде Жұмыс тобы азаматтар мен сарапшылардан түскен 2 мыңнан аса ұсынысты жан-жақты қарастырып, жүйелегені туралы кеңінен түсіндірілді.

Жаңа Конституцияның 3-бабының 2-тармағында адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғаны жайлы оң пікірлер айтылды. Ғалымдар жоғары білімді ұлт қалыптасқан жағдайда елімізде экономикалық өркендеу, әлеуметтік әл-ауқаттың артуы, саяси әділеттіліктің орнығуы және тұлғалық дамудың қамтамасыз етілуі мүмкін екеніне тоқталды.

Шараға қатысушылар Жаңа Конституция жобасында көрсетілген стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру жастардың еншісінде екенін атап өтіп, ой бөлісті.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button