Ел тынысыСаясат

Жан-жақты түсіндірілді

Жасөспірімдер мен балаларға арналған спорт мектебінде жаңа Конституция жобасы талқыланды. Спорт мамандарына заңның әр бабы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу сұрақ қоюға, ұсыныстарды айтуға, реформаның мақсаттары мен логикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

– Біз Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясының жобасын талқылап отырмыз. Конституция – бұл елдің Негізгі заңы. Ол мемлекеттіліктің негізін айқындайды. Билік жүйесін белгілейді. Адамның құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Қоғам мен мемлекеттің стратегиялық даму бағыттарын анықтайды. Алайда Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Бұл – халық еркінің көрінісі. Мемлекет пен азаматтар арасындағы қоғамдық келісім. Онжылдықтарға арналған құқықтық әрі моральдық бағдар. Сондықтан бүгінгі талқылау – Қазақстанның болашағы туралы әңгіме, – деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Қанат Алин.

Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқарудың тұрақты әрі тиімді моделін қалыптастыру. Жаңа Конституция жобасы заңдылықты нығайтуға, қоғамдық келісімді күшейтуге, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға, елдің тұрақты әрі үйлесімді дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button