
Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Нұра ауданы филиалының ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Филиал жұмысының мақсаты — тұрғындармен ашық диалог алаңын құру, жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат беру және ұсынылған өзгерістердің адамдардың өмірін қалай жақсарта алатынын, әділеттілікті қалай нығайта алатынын және азаматтарды басқару процестеріне қалай тартуға болатынын түсіндіру.
Аудандық филиалдың басшысы болып Астана қаласы мәслихатының депутаты Талғат Дюсеков тағайындалды. Ашылу рәсіміне коалицияның қалалық филиалының мүшелері қатысып, өз идеялары мен жоспарларымен бөлісті, алдағы кездесулер, консультациялар және білім беру шаралары туралы айтып берді.



