Ел тынысыСаясат

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Сауда және интеграция министрлігі ұжымымен кездесті

Астана қаласында Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ұжымымен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, сондай-ақ Жалпыұлттық коалиция өкілдері Венера Жексембекова мен Мария Өтебаева қатысты. Кездесу барысында коалиция мүшелері Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, демократиялық институттарды нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту бағытындағы рөлін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов өз сөзінде конституциялық реформалардың еліміздің саяси дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, заң үстемдігін нығайтуға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға бағытталған. Сонымен қатар ол мұндай кездесулер азаматтармен және мемлекеттік қызметкерлермен ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жалпыұлттық коалиция өкілі Венера Жексембекова Конституция жобасына енгізілген өзгерістер қоғамдағы саяси жаңғыру үдерісін күшейтетінін атап өтті. Ол мұндай кездесулердің маңызы зор екенін айтып, мемлекеттік қызметкерлердің белсенді қатысуы реформалардың мәнін терең түсінуге және қоғамдағы пікір алмасуды дамытуға ықпал ететінін жеткізді.

Өз кезегінде коалиция өкілі Мария Өтебаева реформаларды талқылау барысында қоғамның түрлі пікірлерін ескеру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, ашық диалог алаңдары азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға, сондай-ақ реформалардың тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Кездесу ашық әрі конструктивті диалог форматында өтті. Министрлік қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, реформаларға қатысты пікірлерін білдірді. Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің елдің болашақ дамуына ықпалы туралы пікір алмасты.

Осындай кездесулер қоғамда жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттандыруды арттыруға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button