Қоғам

Жалған инвестициялық платформаны қалай анықтауға болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен компаниялардың ресми сайттарында расталмаған жарнамаға сенбеуге шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Цифрлық технологияның дамуымен инвестициялау әркім үшін қол жетімді құралға айналды.

Алайда, инвестицияларға деген қызығушылықтың артуымен қатар, қаржылық сарапшылардың атын жамылған алаяқтардың белсенділігі де арта түсуде. Олар әсіресе әлеуметтік желілер арқылы белсенді жұмыс істейді.

Жиі кездесетін сценарийлердің бірі –  жалған инвестициялық платформа. Алаяқтар сырт көзбен қарағанда белгілі компаниялардан аумайтын немесе өздерін ірі банктер түрінде көрсететін сайттар жасайды. Әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалау арқылы мұндай «жобалар» қысқа мерзімде, кейде азғантай сомаға салымдармен «жоғары кіріске» уәде береді. Көбінесе посттардың астында «көңілдері толған» инвесторлардың жалған пікірлері жарияланады. Роликтерде нейрондық желілердің көмегімен жасалған танымал тұлғалардың бейнелері пайдаланылады. Басты мақсат – сенім  туғызу  және жалған инвестициялық платформаға ақша салуға үгіттеу.

Жалған платформалардың белгілері:

  • бейресми аккаунттардан жарнама;
  • сілтеме ресми сайтқа емес, бөгде ресурсқа апарады;
  • «кепілді» жоғары кіріс алуға уәде беру;
  • тез әрекет жасауға итермелеу;
  • қосымшаны AppStore немесе GooglePlay-ден басқалар арқылы жүктеп алу қажеттілігі.

 Ұсынымдар:

  1. Қаржы ұйымдарының лицензияларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеріңіз;
  2. Банктер мен компаниялардың ресми сайттарында растаусыз жарнамаға сенбеңіз;
  3. Платформаны толық тексергенге дейін дербес деректерді немесе ақшаңызды жібермеңіз.

Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz. сайтында қолжетімді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button