Құқық

Зейнеткерлерге киберқылмыскерлерден қалай сақтану керектігі түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Нұрa ауданының Белсенді ұзақ өмір орталығында киберқылмыспен күреске арналған ақпараттық-танымдық дәріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Нұрa ауданының қылмыстық полиция бөлімшесінің киберқылмыспен күрес бөліміне қарасты жедел уәкіл, полицияның аға лейтенанты Нұрғиса Қасым қатысушыларға интернет алаяқтардың жаңа схемалары, жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға қалай әрекет ету керектігі туралы кеңестер берді.

«Қоғамда жиі айтылатындай, ең көп алаяқтардың құрбаны болатындар – егде жастағы адамдар. Оның басты себебі – ақпараттандырудың жеткіліксіздігі. Сондықтан біз тұрақты түрде осындай кездесулер өткізіп, киберқауіптер, жаңа алдау схемалары туралы айтып, олардан қалай сақтануға болатынын үйретеміз. Алаяқтарға сенуге, олардың қауіптерінен қорқып, паникаға берілуге немесе жеке деректерді беруге болмайды. Егер мұндай алаяқтарға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз», – деді Нұрғиса Қасым.

Кездесуге қатысқан Ерғали Аскаров ақпараттың адамдарды проблемалардан қорғауға көмектесетінін атап өтті:
«Мен өзім осы алаяқтық схемалар туралы хабардармын, оқыдым, киберқылмыскерлер туралы фильм көрдім. Бірақ барлық адам мұны білмейді, сондықтан мұндай ақпарат олардың өмірінде өте пайдалы және ауыр проблемалардан сақтай алады», – деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button