Зейнеткерлерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында кибер полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық алдын алу туралы дәріс өткізді. Бұл интернет-алаяқтық тақырыбына арналған танымдық дәрісте қалалық ПД киберполиция бөлімінің бастығы Шахназар Экласұлы Жүнісов спикер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында қатысушыларға онлайн-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтылды. Атап айтқанда: «банк қызметкерлерінен» және өзге ұйымдардан келетін телефон қоңыраулары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық түрлері талқыланды.
Киберполиция өкілі алаяқтық әрекеттерін қалай анықтауға болатынын, күмәнді хабарламалар түскен кезде нені ескеру керектігін және мұндай жағдай орын алған жағдайда қайда жүгіну қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке деректер мен қаржыларын қорғау жөнінде практикалық кеңестер алды.



