Ел тынысыСаясат

Зейнеткерлер жаңа Конституция жобасын талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан конституциялық реформа қоғам  тарапынан қолдауға ие болуда.  Бұл – еліміздің саяси жаңғыруы мен демократиялық дамуына бағытталған маңызды қадам. Осыған орай бүгін Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша дәріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылау мақсатында Орталық зейнеткерлері қоғам өміріндегі маңызды қадам үшін зор ықыласпен қатысты.
Кездесу барысында орталықтың қызмет алушылары ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Дәрісті Перспективті даму және әлеуметтік жобалар бөлімінің маманы Дәрия Әлиқызы жүргізіп, зейнеткерлерге Жаңа Конституция жобасын қолдауға, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде атсалысуға шақырды. Ол конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі оң ықпалына тоқталып, әрбір азаматтың бұл үдерістен тыс қалмауы маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button