Қоғам

Зейнеткерлер шахматтан сынға түсті

Елорда күніне орай Астананың жаңадан ашылған Сарайшық ауданында зейнеткерлер шахматтан рапид сайысы бойынша сынға түсті, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Бұл шахмат бәсекесінде жеңімпаздар швейцариялық жүйе бойынша анықталады.

«Астанадағы әр ауданда «Белсенді өмір сүру орталығы» бар. Жоспарға сәйкес, әр спорт түрінен тұрақты түрде жарыстар ұйымдастырамыз. Зейнеттегі кісілер бір емес, бірнеше спортты да қатар алып жүріп, біршама жетістіктерге қол жеткізді. Бүгін шахматты таңдадық. Орталықтың мүшелері республикалық деңгейдегі Senate Open турнирінің финалдық кезеңіне дейін жетіп жатады. Сондықтан бас жүлдеге деген талас өте жоғары. Бұдан бөлек, велошеру, жүгіру, скандинавиялық жүру және т.б. спорттарды да ұйымдастырамыз. Жалпы Астана тұрғындары салауатты өмір салтын қатты ұстанады», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Турнирдің мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап және зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру.

«Өзім 81 жастамын. Әйтсе де 2013 жылдан бері «Ақсақалдар кеңесін» құруға атсалысып, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жарыстарын мүлдем қалдырмай, белсенді түрде қатысып келемін. Тек қатысушы ретінде ғана емес, ұйымдастырушылардың арасында да жүремін. Зейнеткерлерге назар аударатын, ұдайы көңіл бөлетін қала әкімдігіне алғысымды айтамын», – деп жарыс қатысушысы Мәжит Бекежанов ойын бөлісті.

Ойын қорытындысы бойынша, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, алғысхатпен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button