Зейнеткерлер дойбыдан жарысты

Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер арасында дойбыдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сайысқа орталықтың белсенді мүшелері қатысып, өзара шеберлік пен тапқырлықтарын сынады. Жарыстың бас төрешісі – Орталықтағы шахмат үйірмесінің жетекшісі Мерғалым Нурумов болды.

Турнир тартысты да қызықты өтіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті. Ерекше атап өтерлігі, жарысқа қатысқан ең жасы үлкен ойыншы – 82 жастағы Жұрын Алпыс ақсақал еді.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Мекенбек Рахымбаев,
ІІ орын – Танеке Шарипов,
ІІІ орын – Алпыс Жұрын.
Іс-шара соңында Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының өкілдері турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.



