Мәдениет

Зейнеткерлер арасында «Көктемнің әсем бояулары» шығармашылық байқауы өтті

Астанада Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Көктемнің әсем бояулары» тақырыбында арт-терапия үйірмесінің шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды. Үйірме волонтер Алуа Байбұлованың жетекшілігімен жұмыс істейді.

Үйірмеге қатысушылар өз жұмыстарында көктем мен Наурыз тақырыптарын бейнеледі. Олар өз суреттерінде табиғаттың сұлулығын, қазақ қыздарының бейнесін, сондай-ақ, ұлттық нақыштарды көрсете білді. Әрбір жұмыс ерекше шығармашылық көзқарасымен және өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды: I орын – Галина Качковская; II орын – Ирина Илючик; III орын – Александра Мерзлякова.

Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button