Қоғам

Зейнеткерлер ағаш өңдеу ісін меңгеруде

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 2025 жылдың тамыз айынан бастап ағаш өңдеу үйірмесі жұмысын бастады. Қазіргі уақытта бұл үйірмеге 23 зейнеткер қатысып, ағашпен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеруде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Үйірмеге тәжірибелі ұста, ағаш шебері Шахмұрат Абдығалықов жетекшілік етеді.
Аталарымыздың айтуынша, ағашпен жұмыс істеу – тек қолөнер емес, бұл – тынығудың, көңіл-күйді көтерудің және күнделікті күйбең тіршіліктен арылудың бір жолы. Әрбір бұйымды өз қолымен жасап шығару – ерекше шабыт пен қуаныш сыйлайды.

Шахмұрат Қабылдаұлы қатысушыларға табақ, ожау, кеселер, қайшы, қасық, торсық, домбыра, қобыз, сазсырнай сынды ұлттық бұйымдар мен тұрмыстық заттарды жасауды үйретеді.

Үйірме жетекшісінің айтуынша, мұнда келу үшін арнайы тәжірибе қажет емес. Ең бастысы – ынта мен ниет. Ағаш өңдеу – пайдалы әрі рухани ләззат сыйлайтын іс. Бұл үйірме зейнеткерлер үшін тек шеберлік мектебі ғана емес, сонымен қатар достық орнату мен жаңа ортаны табудың бір мүмкіндігі.

Сабақтар аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі, және жұма күндері өткізіледі. Үйірмеге қатысу тегін.

Құрметті қала зейнеткерлері, ағаш шеберлігін меңгеріп, бос уақытыңызды тиімді өткізгіңіз келсе – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келіңіз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button