Әлеумет

Зейнеткерлер «Әдемі қартаямыз!» ұранмен скандинавиялық серуен ұйымдастырды

Астананың Ботаникалық саябағында бүгін ерекше серуен өтті. «Әдемі қартаямыз!» деген ұранмен өткен скандинавиялық серуенге 100-ден астам зейнеткер қатысып, белсенді өмір салтының үлгісін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қатысушылар деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлініп, саябақ ішіндегі белгіленген қашықтықты жүріп өтті. Алғашқы екі топ 3400 метрді, келесі топ 3000 метрді, ал бастаушылар 1800 метрді жүріп өтті. Барлығы скандинавиялық жүріс техникасын қолданды.

Шара барысында зейнеткерлерге тәжірибелі жаттықтырушы, ҚР еңбегі сіңген спорт қызметкері Туғанай Бейсембаева шеберлік сабағын өткізді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – егде жастағы адамдардың өмір сапасын жақсарту, денсаулығын нығайту және белсенді қартаю мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев әдемі қартаюдың құпиясымен бөлісіп, өз замандастарына егде жаста да, белсенді өмір сүрудің маңыздылығын жеткізеді.

«Белсенділік – бұл тек қозғалыс емес, бұл – ойдың сергектігі, айналаңмен араласу, жаңа нәрсені үйренуге ұмтылыс. Егде жас — бұл тоқтау емес, жаңа белес», – дейді Мұхтар Дүйсенұлы.
Бүгінгі шара зейнеткерлерге оптимистік көзқарас пен үлкен мотивация сыйлайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button