Құқық

Заңсыз жұмыс істеген цехтан 180 қап ет тәркіленді

Елімізде тұрғындарды мал ұрлығынан, сапасыз ет өнімдерінен қорғау мақсатында «Мал ұрлығы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ветеринарлық инспекциямен бірлесіп, заңсыз жұмыс істеп келген жасырын ет өңдеу цехын анықтады. Тергеу барысында еттің антисанитариялық жағдайда, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамай өңделгені белгілі болды. Сондай-ақ ұйымдастырушыларда қажетті рұқсат құжаттары мен ветеринарлық анықтамалар болмаған.

Тексеру нәтижесінде 5 жылқының, 24 ірі қараның және 13 ұсақ малдың тұтас еті, сондай-ақ ет өңдеуге арналған арнайы құрал-жабдықтар мен аспаптар табылды. Оған қоса, 180 қап дайын ет өнімі тәркіленді.

Аталған факті бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы бойынша тексеру жүргізіліп, мал мен ет өнімдерінің ұрланған-ұрланбағаны да тексеріліп жатыр.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button