«Заң және тәртіп» қағидаты нақты Конституциялық мазмұнға ие болады

Астана мәслихатының депутаты Талғат Дүйсеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын ұсынумен еліміз трансформацияның маңызды кезеңінен өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Мен үшін бұл жобада адамның, оның құқықтары мен қадір-қасиетінің басты назарда болуы өте маңызды. Халық билік көзі ретінде бекітіліп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейіп, сот тәуелсіздігінің қосымша кепілдіктері пайда болады. «Заң және тәртіп« қағидаты нақты Конституциялық мазмұнға ие болады«, — деп атап өтті депутат.
Ол жобада цифрлық құқықтарды, білім беруді және адами капиталды дамытуды қоса алғанда, заманауи сын-қатер ескерілетінін атап өтті.
«Мемлекеттіліктің егемендік, унитаризм және аумақтық тұтастық сынды басты негіздері сақталады«, — деп қосты Дүйсеков.
Оның айтуынша, бұл жобада басты мәселе ішінара өзгерістер туралы емес, мемлекеттік басқару тәсілдерін қайта қарау туралы.
«Жоба ұзақ мерзімді дамуға және қоғам алдындағы жауапкершілікке бағытталған«, — деп атап өтті депутат.
Дүйсеков бастамаларды ашық талқылау қажеттігіне де назар аударды.
«Мұндай жобаларды ойластырылған түрде, қоғамның қатысуымен және ел үшін ұзақ мерзімді салдарды түсіне отырып талқылау маңызды«, — деп түйіндеді ол.



