Құқық

«Заң және тәртіп»: профилактикалық қауіпсіздік сағаты өтті

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында ата-аналарға арналған профилактикалық қауіпсіздік сағаты өтті. Оған сала мамандары қатысып, бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға қалалық Ата-аналарды қолдау орталығының әдіскері Талжыбек Сатымбекова, Білім басқармасының өкілі Гүлім Мұхамеджанқызы, Ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Роза Төлепбергенова, Алматы аудандық полиция бөлімінің криминалға қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жаныбек Имаханов қатысты.

Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, цифрлық қауіпсіздік, интернет ойындар, алаяқтық әрекеттерден сақтану, оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Мұндай кездесулер ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттырып, балалардың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button