UncategorizedҚұқық

«Заң және тәртіп»: «Назар аударыңыз – жолда адам!» акциясы өтті

Көліктегі полиция департаменті мен Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері «Назар аударыңыз – жолда адам!» акциясы аясында Астана станциясының теміржол паркінің 10-ауданында рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған акция адамдарды пойыз басып кету деректерінің алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтауын күшейтуге бағытталған.

Рейд барысында көлік полицейлері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлесіп, азаматтар мен жасөспірімдерге теміржол көлігі нысандарында қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары елорда тұрғындарына теміржолдағы жүріп-тұру ережелерін еске салып, қауіпті аймақтар туралы ақпарат берді.

«Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу көптеген адамдарға, соның ішінде жасөспірімдерге, өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Қауіпті аймақта жүрген әрбір азамат өз қауіпсіздігін есте сақтап, теміржолдағы негізгі қауіпсіздік қағидаларын жақсы білуі тиіс», – деді Көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Әлихан Жұмажанов.

Оның айтуынша, оқиғалардың алдын алу мақсатында көлік полицейлері тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар мен халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Мәселен, 2026 жылдың басынан бері теміржолдарды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 6 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды. Десек те, өткізілген алдын алу шараларына қарамастан, теміржол көлігі нысандарында жазатайым оқиғалар әлі де тіркелуде. Есепті кезең ішінде Департаменттің қызмет көрсету учаскелерінде жылжымалы құраммен 9 азамат жарақаттанып, оның 8-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұндай фактілердің басым көбі Алматы, Қызылорда және Шу станцияларында орын алған. Сақшылар көп жағдайда жазатайым оқиғалардың азаматтардың теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі және теміржол инфрақұрылымы нысандарында алкогольдік масаң күйде болуы салдарынан орын алатындығын айтады.

«Тек соңғы тәуліктің өзінде еліміздің бірқатар өңірінде осындай бірнеше құқықбұзушылық тіркелді. Барлық жағдайда азаматтар теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткен. Машинистердің жедел тежеу әрекетінің арқасында пойыздар дер кезінде тоқтатылып, қайғылы салдардың алды алынды», – деп сөзін түйіндеді полиция подполковнигі.

Көліктегі ДП тағы да ескертеді: белгіленген ережелерді бұзудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан теміржолды тек арнайы жабдықталған өткелдер арқылы өту керек.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button