«Заң және тәртіп»: деректі фильм түсірілді

«Заң және тәртіп» нарративі аясында елімізде заңның үстемдігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдық жауапкершілікке негізделген тұрақты құндылықтар жүйесі қалыптасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру заңдылықты нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін қалыптастыруға бағытталған.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен елордада заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бойынша жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізілуде.
Atameken Business телеарнасымен бірлесіп түсірілген деректі фильмде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған нақты жұмыстар мен әлеуметтік бастамалар көрсетілген.
Фильмнің толық нұсқасын телеарнаның YouTube арнасынан көруге болады.



