Елорда тынысы

Заң және тәртіп – баршаға ортақ талап

Елордада «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидатын ілгерілету аясында құқықтық түсіндіру шаралары жалғасуда. Осындай маңызды іс-шараның бірі ­«Шарын» базарында өтті.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев, Байқоңыр аудан­дық полиция басқармасының қыз­меткерлері және базар әкімшілігінің өкілдері базардағы кәсіпкерлермен кездесті. Шара барысында базар аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көлеңкелі экономикамен күрес, салық және еңбек заңнамасын сақтау сынды бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Кәсіпкерлерге заң талаптары мен мемлекеттік бақылау органдарының құзыреті жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ Мақсат Қайратұлы өз сөзінде бұл бастаманың маңызына тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт ­Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидатын ұстану жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

– Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде заң үстемдігі мен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын барлығыңыз білесіздер. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты бағыттың бірі. Ал оның қағидаттарын халыққа түсіндіру, осындай базарларға келіп іс-шараларды ұйымдастыру – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара сенімді нығайтып, заңға бағыну мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам. Өйткені «Заң және тәртіп» қағидаты – тек құқық қорғау органдарына емес, бүкіл қоғамға ортақ талап. Кездесуіміз осы қағиданы түсіндіру, кәсіпкерлермен ашық диалог орнату және қоғамда заң мәдениетін арттыруды көздейді, – деді ол.

Жиын барысында полиция қыз­меткерлері базар аумағындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар базар әкімшілігі тарапынан сауда орнының қауіпсіз­дігі мен санитариялық жағдайын жақсарту бойынша жоспарлар ­таныстырылды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button