Құқық

«Заң мен тәртіп»: қоғамдық-құқықтық тақырыптарда пікірсайыс турнирі өтті

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы прокуратурасы «Сервис және туризм» колледжі базасында «Менеджмент, бизнес және білім беру колледжі», «Astana Polytechnic» жоғары колледжі, «Даналық» жоғары медициналық колледжі, «Astana Profi» шаруашылық колледжі, «Astana ALT» көлік колледжі қатысуымен қоғамдық-құқықтық тақырыптарда пікірсайыс турнирін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Турнирдің мақсаты — құқықтық мәдениет пен қоғамдық-құқықтық сананы арттыру, жас өспірімдер арасында қылмыстарды алдын алу болып табылады.

Пікірсайыс турнирі барысында қылмыстық жазаны қолданудың өзекті мәселелері, оның ішінде өлім жазасы, жеңіл есірткілерді заңдастыру мүмкіндігі және оларды тұтынғаны үшін жауаптылық, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы мәселелер талқыланды.

Өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша елорда колледждерінің ерекше көзге түскен студенттері дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button