Әлеумет

Ынтымақ арқауы

Наурыз – әрбір шаңыраққа шырақ жағылып, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі. Наурыз – жеті дәмнен наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын ынтымақ-бірлік мерекесі. Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі.

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Осы құндылықтарды ұрпақ бойында сіңіру – әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Білімнің ұстыны – бұл жүйелі тәрбие және ұлттық құндылықтарға негізделген ұстаным.

Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. Мерекеде баршаңызға жаңа жетістік тілеймін! Ел тыныш, амандықта болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

Ғалия Тілеубердиева,

Астана қаласы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №34 орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button