Ел тынысы

XX «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін XX «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 6 мыңнан астам бала қатысты. Оның ішінде 250 бала вокал, хореография, аспаптық орындау және ым-ишарамен ән орындау номинациялары бойынша лауреат атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Фестивальдің ашылуына қатысқан оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бұл байқаудың еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланатты балаларды біріктіретін маңызды шара екенін атап өтті. Жиналғандарға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«XX «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушыларын құрметпен қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Осы жылдар ішінде фестиваль ел аумағында қанат жайып, республикалық деңгейге дейін өсті. Ол еліміздің өңірлеріндегі талантты, дарынды балалардың басын қосты», – деді вице-министр.

Мерейтойлық фестивальдің Гран-при иегері Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектептің оқушысы Інжу Тілеужан болды. Ең талантты баланы таңдау үшін 100 000 қазақстандық дауыс берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button