Құқық

«Учаске»: құқықтық тәртіп нығайтылуда

Елорда полициясы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асыруда. Оның мақсаты – әкімшілік учаскелердегі құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында әрбір әкімшілік учаскені қамтитын мобильді топтар құрылды. Ерекше назар мына мәселелерге аударылады: іздеуде жүрген және құқық бұзуға бейім адамдарды анықтау, көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру, профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс жүргізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен қараусыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтау. Сонымен қатар полицейлер пәтерлер мен үйлерді аралап тексеру жүргізуде, саяжай алқаптары мен өзге де аумақтарды қадағалауда. Іс-шара өткізілген екі күн ішінде 15 ұсыныс енгізілді. Әлі де жалғасып жатқан жұмыстар аясында полицейлер көпқабатты үйлерді, аулаларды аралап, саяжай массивтерін, базарларды, саябақтарды және адамдар көп шоғырланатын басқа да орындарды тексеруде.

Екі күннің ішінде заңды және жеке тұлғаларға құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде 15 ұсыныс жолданды. Бұл құжаттар ұйымдар мен азаматтарды болашақта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауға міндеттейді. Рейдтер барысында түрлі заң бұзушылықтар анықталуда. Мәселен, қаланың бір мекемесінде 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімін сату дерегі тіркелді. Заң бойынша алкоголь алуға тыйым салынған тұлғаларға өнім сатқан үшін мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер көші-қон заңнамасының сақталуын тексеріп, қараусыз жүрген кәмелетке толмағандарды, қоғамға қарсы әрекеттерді анықтауда, сондай-ақ іздеуде жүрген немесе профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеріп жатыр.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button