Ел тынысыСаясат

Уақыт талабынан туындаған өзгерістер

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңда тәуелсіз сарапшы Бауыржан Серікбай өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазіргі кезде елімізде ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылуда. Менің ойымша, бұл өзгерістер уақыт талабынан туындап отыр және мемлекеттік басқару институттарын заманауи талаптарға сай жетілдіру мен бейімдеуге бағытталған.
Сонымен қатар, реформалардың маңызды бағыттарының бірі – Парламенттің атауын Құрылтай деп өзгертіп, бір палаталы жүйеге көшу. Геосаяси үдерістер күрделенген кезеңде бұл қадам заң қабылдау процесін жеделдетіп, қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға, сондай-ақ саяси партиялардың жауапкершілігі мен белсенділігін күшейтуге ықпал етеді деп санаймын», — дейді спикер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button