Елордадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде ҚР Конституциясының негізгі ережелеріне және алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, Астана қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев, заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилева атындағв ЕҰУ профессоры Ермек Әбдірасұлов қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — конституциялық құндылықтарды насихаттау және азаматтарға референдумға қатысудың құқықтық тетіктерін түсіндіру. Спикерлер жоспарланған өзгерістер саяси жүйені одан әрі демократияландыруға және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанына назар аударды.
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов азаматтардың референдум арқылы шешім қабылдауға тікелей қатысуы халық билігінің ең жоғары көрінісі екенін атап өтті. Профессор Ермек Әбдірасұлов түзетулердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтіп, оларға толық құқықтық түсініктеме берді. Астана мәслихатының өкілдері — Табиғат Зейнулқабден мен Владислав Сергеев өз сөздерінде елорда тұрғындарының азаматтық белсенділігінің маңыздылығына баса назар аударды. Көлік инфрақұрылымы объектісіндегі кездесу форматы вокзал қызметкерлері мен жолаушыларды қоса алғанда, кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік берді. Кездесуге қатысушылар дауыс берудің рәсімдік сәттері мен ұсынылған реформалардың құқықтық салдарына қатысты сұрақтарға жауап ала алды.

«Жаңа Конституция жобасы Мемлекет басшысының жасап жатқан реформаларының логикалық жалғасы деп ойлаймын. Ата заңда барлық азаматтың құқықтары қарапайым тілмен жазылған. Оны жазуға 130-дан астам сарапшы қатысты. Олардың қатарында депутаттар, заңгерлер, филологтар, журналистер және т. б. бар. Құжатта қоршаған ортаны қорғау, еңбек адамдарының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. 15 наурызда өтетін референдумға отбасыларыңызбен бірге қатысуларыңызды сұраймыз», — деді Табиғат Зейнұлқабден.
«Нұрлы жол» вокзалы Астананы өзге қалалармен байланыстыратын пойыздардың 60 пайыздан астамын қабылдайды. Мұнда бүгінгі таңда 220 қызметкер жұмыс істейді.
«Жаңа Конституцияның преамбуласында Қазақстанның алда тұрған мақсаттары көрсетілген. Жаңа жобада адамның құқықтары қалай қорғалу керектігі жазылған. Мемлекет білімге, ғылымға, инновацияға көп көңіл бөліп жатыр. Жаңадан құрылатын Халық кеңесі, Құрылтай еліміздің ерекшелігін білдіреді», — деді профессор Ермек Әбдрасулов.
Кездесу соңында жалпыұлттық коалиция мүшелері «Нұрлы жол» вокзалының қызметкерлерін 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.



