Денсаулық

Вирусқа қарсы дәрілердің жаңа партиясы әкелінеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында Астана қаласын вирусқа қарсы дәрілермен қамтамасыз ету 1-2 күннің ішінде толық шешілетінін айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Министрлік Астана қаласының ірі дәріхана желілері мен дистрибьюторларымен кездесу өткізді. Халық арасында сұранысқа ие дәрілерге қосымша өтінім берілді. Осыған байланысты 1-2 күннің ішінде 2 айлық қоры жасақталады. Бүгін Астанадағы Zerde және «Медсервис» желілеріне сұранысқа ие дәрілер келіп, дәріханаларға таратылады, — деді ол.

Ақмарал Әлназарова ауруханаларда аталған дәрілердің қоры жеткілікті екенін атап өтті.

— Емдеу мекемелерінде вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттардың, жеке қорғаныш құралдары мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қоры қамтамасыз етілген, — деді министр.

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндап, вирустардың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін екенін айтты.

https://kaz.inform.kz/news/astanadagi-ek-darhanaga-viruska-karsi-darlerdn-zhana-partiyasi-akelned-c9cf35/

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button