Елші алдағы ү.ж. 15 наурызында өтетін Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумды байқауға қатысуға дайын болғаны үшін ДИАҚБ-ға алғысын білдірді. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат беріп, ұсынылып отырған конституциялық реформа Қазақстандағы мемлекеттік басқару моделін кешенді жаңғырту болып табылатынын және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жүйелі саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін атап өтті.
М.Тілеуберді Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары Конституциялық комиссия тарапынан толықтай ашық форматта, азаматтық қоғамның, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының кең қатысуымен жүргізілгенін атап өтті.
М.Телалиан қазақстандық тарапқа ашықтық танытқаны және конструктивті диалогқа дайын болғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол ү.ж. Астанаға алғашқы сапарын жүзеге асыру ниетін растады.



