Құқық

Вандализм үшін жауапқа тартылды

Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және онымен күресу бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Кезекті құқық бұзушыларды полицейлер анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы нысандардың бүлінуіне қатысты екі жағдайды анықтады. Бірінші жағдайда 40 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде Ш.Уәлиханов көшесіндегі аялдама павильонын бүлдірген. Ол шыны есікті бірнеше рет ұрып сындырған. Сот қаулысына сәйкес, құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.

Екінші жағдайда Бөгенбай батыр даңғылында 19 жастағы жігіт мас күйде әрі жанжал кезінде жеке ғимараттың сыртқы қаптамасын теуіп, жарнама құрылымын және жылы аялдама жанындағы қабырғаның бір бөлігін бүлдірген. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағышқа жеткізілді.

Аталған фактілер бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр. Кейін шығынды өндіру туралы талап қойылады. Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін шамамен 3 мың адам жауапқа тартылған. Сонымен қатар бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ден астам жағдай тіркелген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button