Ел тынысы

Вакцинация – құтырмадан қорғанудың сенімді жолы

Жыл басынан бері республикада құтырманың екі жағдайы тіркелді. Тістегеннен зардап шеккендер медициналық көмекке кеш, ауру сатысында жүгінген. Ошақтарда қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құтырма – бұл жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен сипатталатын ерекше қауіпті ауру. Құтырма қоздырғышының көзі – вирусты сілекеймен шығаратын ауру жабайы және үй жануарлары. Тістеген сәттен бастап құтырманың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін (судан қорқу, фотофобия, сілекей ағу, құрысулар, қозу, агрессивтілік) 10 күннен бір жылға дейін созылады. Адамда құтырманың 99%-да инфекция жануарлар тістеуі мен тырнауы нәтижесінде пайда болады, жануарларды вакцинациялау арқылы аурудың болдырмауға болады.

Жыл сайын республика бойынша 50 мыңға жуық адам жануарлардың тістіп алуына байланысты медициналық көмекке жүгінеді, оның 99%-ы профилактикалық вакцинация алады, 1%-ы екпеден бас тартады.

Ауруды жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында балаларға қаңғыбас жануарлармен қарым-қатынас жасаудың қаупі туралы түсіндіру; жануарды олардың мекендейтін жерлерінде мазаламау; үйдегі иттер мен мысықтарды құтырмаға қарсы егу; үй жануарларын арнайы бөлінген жерлерде серуендету.
Егер сізді жануар тістеп алса немесе сілекейлесе, онда тістелген және сілекейленген орынды сабындап жуып, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Дәрігер тағайындаған профилактикалық емдеу курсын толық көлемде алу қажет. Бұл аурудың алдын алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button