Мәдениет

«Ұрпақтар жібі» фото-көрмесі мен сән көрсетілімі өтті

ҚР Президенттік орталығында «Ұрпақтар жібі» атты фото-көрме мен сән көрсетілімі өтті. Іс-шара атақты фототілші Нурмухамат Имамовтың 100 жылдығына және Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Ұрпақтар жібі» — қаламыздың индустриялық тарихын Қазақстанның заманауи креативті экономикасы күн тәртібіне шығаратын мәдени жоба. Экспозицияда 1960–1980 жылдардағы тігін өндірісінің 50-ден астам архивтік фотосуреттері ұсынылды. Бұл кадрлар жеңіл өнеркәсіптің стратегиялық сала ретінде қалыптасуын және әйелдердің ел экономикасының дамуына қосқан зор үлесін айғақтайды.

I’M DIFFERENT бренді архив материалдарын заманауи көктемгі топтамасы арқылы қайта интерпретациялап, индустриялық өткен мен дизайнерлердің жаңа буыны арасында көркемдік көпір қалыптастырды. Іс-шараның маңызды сәті — топтаманың финалдық образын Президенттік орталық қорына табыстау рәсімі болды.

Бұл символдық қадам ғана емес, сабақтастықты институционалдық деңгейде бекіту: өнеркәсіп — музей — жастар.

Жоба мемлекеттік басымдықтарға толық сәйкес келеді:
• креативті индустрияларды экономиканың дербес секторы ретінде дамыту;
• жұмысшы және өндірістік мамандықтарды дәріптеу;
• тарихи жадыны сақтау;
• елорда мәдени бірегейлігін нығайту.

«Ұрпақтар жібі» индустриялық мұраның тек тарихи құндылық қана емес, сонымен қатар даму, туризм және мәдени дипломатия ресурсы бола алатынын дәлелдеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button