Әлеумет
Ұрпақтар сабақтастығы үзілмесін

Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің балалары арасында Полиция күніне орай «Мен полиция боламын», «Менің ата-анам полицей» тақырыптарында балалар сурет байқауы өтіп жатыр.
Мақсат – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, полиция қызметіне деген құрметті қалыптастыру және отбасы құндылығын дәріптеу. Үздік жұмыстар ашық дауыс беру (лайк саны бойынша) арқылы анықталып, жеңімпаздар марапатталады. Байқау аясында тәртіп сақшыларының балаларынан 41 сурет келіп түсті. Олардың арасынан үздіктері анықталып, жеңімпаздар полиция қызметкерлерінің мерекесі кезіндегі салтанатты жиында марапатталады.
Райхан РАХМЕТОВА