Ұқыптылыққа үйретті

Астана қаласы әкімдігі Қуыршақ театрында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Біз – таза қала үшін» атты балаларға арналған аниматрлық ойын өтті.
Жас көрермендер театр әртістерімен бірге өздері өмір сүретін ортаны танып, қаламыздың тазалығын сақтау үшін не істеу керек екенін үйреніп, экологиялық танымын арттырды. Балаларға арналған шара интерактивті ойындар форматында өткізілді. Қойылымға келген балаларды театр фоэсінде жинап, тек қалада ғана емес, үйде де тазалықты сақтау қажеттігін айтып, балаларды ынталандыра келе ойынға тартты.
Олар ойындарға қатысып қана қоймай, әртістердің шеберлігіне ризалықпен, тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап берді. Осылайша балалар үлкендердің көмегімен ұқыптылыққа, жинақылыққа үйреніп, айналаның тазалығы үшін өздерінің де қосатын үлестері барын түсінді.
Соңғы жылдары қоғам дамуы үшін экологиялық білім беру мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Сол себепті балаларды өмірінің алғашқы жылдарынан бастап экологиялық тәрбиелеу қажеттігі бар.
Қуыршақ театрының ұыжымы қойылым алдындағы аз-кем уақытта көрермендерімен көңілді ойын өткізуі де осы тәрбиенің бір түріне жатады.
Бұл шараға “Жанұя Отбасын қолдау орталығы “ Қоғамдық Қорынан 40 бала қатысты. “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан 20 бала қатысты.
Айгүл УАЙС