Басты ақпаратРуханият

Ұлының ізіне үңіліп…

Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ақынның туған еліне саяхат жасаған «Elorda Aqparat» медиахолдингі ұжымы үшін бұл сапардың тағылымдық мәні зор болды. «Абай жүрген жолдармен» танымдық-тарихи экспедициясы аясында ұйымдастырылған іс-шара кезінде ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың және қызықты деректерге қанығып, хакімнің мерейтойы қарсаңында жергілікті билік тарапынан жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық.

Газетіміздің өткен нөмірінде жазғандай, бұл саяхатымыздың бағдары Күшікбай бұлағы – Бөрілідегі Әуезов музей-үйі – Абай туған Сырт Қасқабұлақ – Еңлік-Кебек ескерткіші – Ақшоқыдағы Құнанбай қорымы – Жидебайдағы Абайдың музей-үйі – «Абай-Шәкәрім» кесенесі – Семейдегі Абай музейі тарихи нысандарынан тұрды. Соларды көрсету және тарихын баяндау барысында абайлық ағайынның аузынан еш жерде естімеген оқиғалар мен мәліметтерді естіп таңғалған сәтіміз көп болды.

– Мұхтар Әуезов: «Абай жайлы сөз қозғамас бұрын, ең әуелі оның шыққан тегін білу керек» дейді. Абайдың тегі – орта жүз, арғын елі. Абайдың арғы аталарының бірі Айдос шөккен түйеге міне алмайтын момын адам болған. Айдостың Айпара есімді найман әйелі бір ауылды уысында ұстаған екен. Сол екеуінен Торғай, Тобай, Ырғызбай, Көтібақ деген төрт бала дүниеге келеді. Төрт баланы сынаған Айпара анамыз қойды мүшелеп олардың алдына қойған кезде, соны әр бала әртүрлі алады. Басы мен тоқпан жілігін Ырғызбай, қалғандары кәрі жілік пен асықты жіліктерді бөліп алады. Сонда Айпара анамыз: «Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғыз­байым» деп, төртеуінің ішінде соның болашағына үлкен сенім артады. Осылардың ішіндегі мықтысы Ырғызбай – Абайдың арғы атасы, ол елге танымал палуан болған. Ер Жәнібек оның батырлығына тамсанып, қарындасы Ермекті қалыңсыз береді. Сол Ермектен төрт бала: Өсер, Жортар, Өскенбай, Мырзатай дүниеге келеді. Нағашысы Ер Жәнібек жиендерін жинап алып сынағанда, Өскенбай көп қозғала бермейтін, көп жыламайтын, сабырлы, салмақты бала болыпты. Сонда батыр: «Өзгесін қайтемін, анау тұрған Өскенбайға тиіспеңдер, ол – бір орнында отырып-ақ бар елді алдыма жинаймын деп отырған бала» депті. Міне, кешегі қазақ кісі таныған. Сол нағашысының болжамы дәл келіп, Өскенбай тура, әділ би болады, оның әділдігі сондай, ел арасында «Ісің адал болса, Өскенбайға бар» деген сөз тарайды. Өскенбайдың бәйбішесі – Зере әжемізден Құнанбай дүниеге келеді. Найманның қызы Зере әжеміздің шын есімі – Тоқбала. Өте сәнқой адам болған деседі. Келін болып түскен кезінде мұрнында сырға болған екен. Сол мұрынға таққан сырғаны қазақ «зере» деп атайтын болған» деп сөзін бастаған еді Абай облыстық Ішкі саясат басқармасының бас маманы, экскурсовод-гид Азамат Қажыбаев.

Зереден Құттымұхаммед, Тайбала және Құнанбай дүниеге келеді. Үлкен ағасы ерте шетінеп кетеді, Тайбала қыз болғандықтан еліне қонақ, сондықтан «Әкеден жалғыз болып қалдым» дейтін Құнанбайдың сөзі содан қалған. Міне, осындай басқа да деректерді Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің директоры Шахжан Бекенұлынан естіп, Абайдың арғы аталары, тегі жайлы көптеген қызықты мағлұматқа қанықтық. Абайдың Жидебайдағы үйінде гид болған Гүлсара Құсайынова да бізге ақын өмірінің соңғы жылдарын өткізген осы үйдегі құнды жәдігерлер туралы баяндағанда, Абай қазір бөлмесінен шыға келетіндей әсерде қалдық. Бұл музейдегі ерекше заттар қатарында Абайдың протез тісін айтуға болады. Екіншісі – жолға шығу үшін арнайы жасатқан пәуеске арбасы. Сосын өзі ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы, Абай бұл ойынды өте шебер ойнаған. Көненің көзіндей ішекті домбырасы да осы музей-үйінде сақтаулы тұр.

Бүгінде Абай облысы әкімдігі осы тарихи ескерткіш, жәдігерлерге қатысты туындаған мәселелер болса шешіп, оларды жөндеп, күтіп ұстауға ерекше мән беріп отыр. Бұл жұмыстар әсіресе биылғы мерейтой қарсаңында қарқын ала түсті. Абай мерейтойының 10 күндігі аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін түрлі мәдени-­танымдық іс-шара өткізумен қатар, Жидебай басындағы Абай кесенесі мен музейіне барып, ақын рухына тағзым ретінде дұға оқылмақ. Газетіміздің өткен нөмірінде жазғандай, бұл саяхатымыздың бағдары Күшікбай бұлағы – Бөрілідегі Әуезов музей-үйі – Абай туған Сырт Қасқабұлақ – Еңлік-Кебек ескерткіші – Ақшоқыдағы Құнанбай қорымы – Жидебайдағы Абайдың музей-үйі – «Абай-Шәкәрім» кесенесі – Семейдегі Абай музейі тарихи нысандарынан тұрды. Соларды көрсету және тарихын баяндау барысында абайлық ағайынның аузынан еш жерде естімеген оқиғалар мен мәліметтерді естіп таңғалған сәтіміз көп болды.

– Мұхтар Әуезов: «Абай жайлы сөз қозғамас бұрын, ең әуелі оның шыққан тегін білу керек» дейді. Абайдың тегі – орта жүз, арғын елі. Абайдың арғы аталарының бірі Айдос шөккен түйеге міне алмайтын момын адам болған. Айдостың Айпара есімді найман әйелі бір ауылды уысында ұстаған екен. Сол екеуінен Торғай, Тобай, Ырғызбай, Көтібақ деген төрт бала дүниеге келеді. Төрт баланы сынаған Айпара анамыз қойды мүшелеп олардың алдына қойған кезде, соны әр бала әртүрлі алады. Басы мен тоқпан жілігін Ырғызбай, қалғандары кәрі жілік пен асықты жіліктерді бөліп алады. Сонда Айпара анамыз: «Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғыз­байым» деп, төртеуінің ішінде соның болашағына үлкен сенім артады. Осылардың ішіндегі мықтысы Ырғызбай – Абайдың арғы атасы, ол елге танымал палуан болған. Ер Жәнібек оның батырлығына тамсанып, қарындасы Ермекті қалыңсыз береді. Сол Ермектен төрт бала: Өсер, Жортар, Өскенбай, Мырзатай дүниеге келеді. Нағашысы Ер Жәнібек жиендерін жинап алып сынағанда, Өскенбай көп қозғала бермейтін, көп жыламайтын, сабырлы, салмақты бала болыпты. Сонда батыр: «Өзгесін қайтемін, анау тұрған Өскенбайға тиіспеңдер, ол – бір орнында отырып-ақ бар елді алдыма жинаймын деп отырған бала» депті. Міне, кешегі қазақ кісі таныған. Сол нағашысының болжамы дәл келіп, Өскенбай тура, әділ би болады, оның әділдігі сондай, ел арасында «Ісің адал болса, Өскенбайға бар» деген сөз тарайды. Өскенбайдың бәйбішесі – Зере әжемізден Құнанбай дүниеге келеді. Найманның қызы Зере әжеміздің шын есімі – Тоқбала. Өте сәнқой адам болған деседі. Келін болып түскен кезінде мұрнында сырға болған екен. Сол мұрынға таққан сырғаны қазақ «зере» деп атайтын болған» деп сөзін бастаған еді Абай облыстық Ішкі саясат басқармасының бас маманы, экскурсовод-гид Азамат Қажыбаев.

Зереден Құттымұхаммед, Тайбала және Құнанбай дүниеге келеді. Үлкен ағасы ерте шетінеп кетеді, Тайбала қыз болғандықтан еліне қонақ, сондықтан «Әкеден жалғыз болып қалдым» дейтін Құнанбайдың сөзі содан қалған. Міне, осындай басқа да деректерді Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің директоры Шахжан Бекенұлынан естіп, Абайдың арғы аталары, тегі жайлы көптеген қызықты мағлұматқа қанықтық. Абайдың Жидебайдағы үйінде гид болған Гүлсара Құсайынова да бізге ақын өмірінің соңғы жылдарын өткізген осы үйдегі құнды жәдігерлер туралы баяндағанда, Абай қазір бөлмесінен шыға келетіндей әсерде қалдық. Бұл музейдегі ерекше заттар қатарында Абайдың протез тісін айтуға болады. Екіншісі – жолға шығу үшін арнайы жасатқан пәуеске арбасы. Сосын өзі ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы, Абай бұл ойынды өте шебер ойнаған. Көненің көзіндей ішекті домбырасы да осы музей-үйінде сақтаулы тұр.

Бүгінде Абай облысы әкімдігі осы тарихи ескерткіш, жәдігерлерге қатысты туындаған мәселелер болса шешіп, оларды жөндеп, күтіп ұстауға ерекше мән беріп отыр. Бұл жұмыстар әсіресе биылғы мерейтой қарсаңында қарқын ала түсті. Абай мерейтойының 10 күндігі аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар үшін түрлі мәдени-­танымдық іс-шара өткізумен қатар, Жидебай басындағы Абай кесенесі мен музейіне барып, ақын рухына тағзым ретінде дұға оқылмақ.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button