Ел тынысы

«ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалдық-хор фестивалі басталды

2025 жылдың 16 сәуірінде Алматыда «ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалдық-хор фестивалі басталды. Аталмыш іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатыр. Оған Қазақстан мен Ресейден келген 30-дан астам кәсіби және әуесқой хор ұжымы қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Үш күндік бағдарламада хор музыкасының концерттері, жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.

Арнайы шақырылған мамандар арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Байқадамов атындағы академиялық капелланың көркемдік жетекшісі – Бейімбет Демеуов, профессор, Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік бөлімінің меңгерушісі – Ғалымжан Берекешев, Мәскеу консерваториясының камералық хорының көркемдік жетекшісі, профессор – Александр Соловьев бар.

Фестивальдің мақсаты – өнерпаздардың орындаушылық шеберлік деңгейін көтеру және хор өнерінің Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретіндегі рөлін атап өту.

Фестивальдің негізгі іс-шарасы – 18 сәуірде Е.Рахмадиев атындағы үлкен залда өтетін Гала-концерт. Концертте жетекші академиялық және көркемөнерпаздар ұжымдары, балалар ұжымдары мен танымал ансамбльдер өнер көрсетеді. Бағдарламада қазіргі қазақ хор мектебінің, сондай-ақ әлемдік хор музыкасының классиктері шығармаларының премьералары ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button