Ел тынысыСаясат

Ұлттық теннисте — ұлы жоба

«Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» іс-шара өтті. Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының өкілдері орталық ұжымымен, сондай-ақ спорт және инклюзивті қоғамдастық өкілдерімен кездест, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиынға «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Асқар Абдразақов, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ Орталық аппаратының талдау және халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Сұлтанбек Құдабай және «AMANAT» партиясының Астана қаласы «Нұра» аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Шыңғысхан Қожахметов қатысты.

Іс — шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдамалары мен олардың қоғам үшін практикалық мәні түсіндірілді.

— «AMANAT» партиясы – саяси жауапкершілікті ардақтайтын, азаматтық диалог пен қоғам пікірі арқылы өзгерістерге қолдау көрсететін ұйым. Сол себепті референдум – бұл тек мемлекеттік іс шара ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның шешім қабылдау процесіне белсенді қатысу мүмкіндігі. Біз әрқайсымыз өз пікіріміз бен ұстанымымызды қоғам алдындағы борышымыз ретінде білдіре аламыз. Бұл – елдің демократиялық дамуына қосылған әрбір адамның үлесі. Референдумның мәні – қатысу. Қала тұрғындары ретінде әрбір дауыс маңызды. Өз ойымызды білдіре отырып, біз өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамның даму бағытына тікелей ықпал етуіміз керек, -деді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Асқар Абдразақов.

Қатысушылар сұрақтар қойып, ашық диалог форматында пікір алмасты. Спикерлер жаңа Конституция жобасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті реттеу қарастырылғанында ерекше атап өтті.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button