Ұлттық театр репертуары Әбіш Кекілбаев туындысымен толықты

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 2025 жылдың 14-15 маусым күндері көрермен назарына Қазақстанның еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі негізінде сахналанған қойылымның премьерасын ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Инсценировка авторы – Қуаныш Жиенбай. Қоюшы режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, Ерзат Асқаров. Киім суретшісі – Ақбота Қапсалаң. Хореограф – Карина Джиренбаева. Жарық қою бойынша суретші – Азамат Бекбембетов. Спектакль театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижер – Берік Сарыбай. Композитор – Темірлан Шөкенов, Нұрболат Сахы.
…Азаматын жоқтап, аза тұтқан ел. Баласынан айырылған ата. Сөйлер сөз де, айтар күй де бар – бірақ тыңдар құлақ жоқ. Шыңыраудағы шер мен тұншыққан үн. Темір кісенге телміре отырып, Күйші шері мен үмітін күйге орап жеткізгісі келеді…
Спектакльде басты рөлдерді екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сырым Қашқабаев, Мәдениет саласының үздігі Жәнібек Мұсаев, Руслан Алишев, Марғұлан Наменов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Нұрланов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлы, Мәдениет саласының үздігі Самат Байыров, Бекарыс Шалқар, Мәдениет саласының үздігі Асхат Сұлтан, Мәдениет саласының үздігі Қасымхан Бұғыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асылболат Смағұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ыбыраев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев, Қазақстаның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Боранбай Молдабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов, Қайыржан Садықов, Ерғұлан Жанпейісов, Заңғар Әбенов, Нұрсұлтан Есен, Инабат Әбенова, Саида Сагинова сомдайды.