Ұлттық ойындар керуені
Астана қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында» республикалық «Ұлттық ойындар керуені» акциясы өтті.
Наурыз мерекесіне орай өткізілетін бірыңғай республикалық акция ұлттық спорт ойындарын насихаттауды мақсат етті.

-Ұлттық спорт түрлерін насихаттауға арналған шара өз мақсатына жетті. Себебі, аталған акцияға 1-11 сынып оқушылары, педагогтер, ата-аналар қатысып, сайыс өте тартысты өтті. Ойын барысында садақ ату, арқан тартыс, қол күресі, асық ату, ләңгі, қазақ күресі, гір тасын көтеру, оқтау тартыс, тоғызқұмалақ секілді ойын түрлері қамтылды. Сонымен қатар «Наурыз» мерекесіне орай мерекелік-спорттық атмосфера қалыптастыру мақсатында этно-көрме қойылып, мерекелік ән-шашу болды, -деді А. Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясынының директоры Айгүл Кашаева.
Шара кезінде «Бестемше», «Бес асық», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Сақина салу» сынды дәстүрлі ойындар мен «Ой бәйге», «Құндылықтар шеңбері», «Зейін мен зият» сынды ұлттық ойынға негізделген зияткерлік ойындар ойнатылды.
Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ



