Әлеумет

Үздік жұмысшылар үкіленді

Астанада өткен жұмысшы мамандықтар арасындағы кәсіби шеберлік конкурсы үздіктерді анықтады. Байқау «Жұмысшы мамандықтар жылы» мен «Үздік» жобасының аясында ұйымдастырылып, қалалық әкімдік пен «Астана жастары» орталығының қолдауымен коммуналдық және техникалық салада еңбек ететін қызметкерлерді біріктірді.

Іс-шарада «Астана Тазалық» ЖШС мамандары ерекше көзге түсті. Сайысқа 35 жасқа дейінгі, арнайы техникада жұмыс істеуге рұқсаты бар, кәсіби дайындығы дәлелденген 20 жас маман қатысты. Тапсырмалар өндірістегі шынайы жағдайларға жақындатылып дайындалған. Екі негізгі номинация бойынша үздік нәтиже көрсетіп, биылғы байқаудың басты жеңімпаздары атанды. Нұрдәулет Әбіш «Үздік механизатор-2025» атағын иеленсе, Сүндет Қойбағаров «Үздік жүк көлігі жүргізушісі-2025» номинациясында топ жарды. «Үздік механизатор-2025» санатында техниканы дұрыс баптау, оған қызмет көрсету және басқару қабілеті бағаланды. Ал «Үздік жүк көлігі жүргізушісі-2025» байқауында ауыр техника жүргізудегі шеберлік, қауіпсіздік талаптарын сақтау және маневрлердің нақтылығы шешуші болды. «Астана Тазалық» қызметкерлерінің осы жеңісі коммуналдық сала мамандарының кәсіби деңгейін айқын көрсетті. Қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлердің техниканы меңгеруі, жұмысқа ұқыпты қарым-қатынасы мен жинақталған тәжірибесі олардың үздік тұғырға шығуына негіз болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button