Қоғам

«Үздік-2025» жобасы басталды

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттер мен жас мамандарға арналған «Үздік-2025» қалалық жобасы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастардың кәсіби дағдыларын дамыту және сұранысқа ие мамандықтардың оң имиджін қалыптастыру. Бастамаға қалалық әкімдіктің Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы қолдау көрсетіп отыр.

«Үздік-2025» жобасы жас мамандардың әлеуетін ашуға және олардың кәсіби ынтасын арттыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында астаналық студенттер мен жас мамандар арасында түрлі конкурстар өтеді.
Қатысушылар өз шеберліктерін ағаш және жиһаз өндірісі, флористика, шаштараз өнері, аспаздық, мейрамхана сервисі, тәрбие саласы және автокөлік қызметі сияқты бағыттарда көрсете алады.

«Жоба салтанатты түрде ашылды. Мерейтой аясында қазірдің өзінде «Үздік аспаз-2025» және «Үздік мейрамхана сервисінің маманы» конкурстары өтті.
Оған аспаздық және қызмет көрсету саласының студенттері мен жас мамандары қатысты.
Биыл Жұмысшы мамандықтар жылы аясында барлығы 15 конкурс өткізу жоспарланған.
Қорытындысы ай соңында жарияланады», — деді «Астана жастары» ұйымының өкілі Алуа Балтабаева.

Әр конкурс тәжірибе алмасуға және қатысушылардың кәсіби дағдыларын көрсетуге бағытталған. Бағдарлама мазмұны ауқымды әрі қарқынды болып, жастардың өздерін жан-жақты танытуына мүмкіндік берді. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының қоғам өміріндегі маңыздылығын айқын көрсетіп отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button