Үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханның төрағалығымен қалалық үшжақты комиссияның кезекті 4-ші отырысы өтті, деп хабарлайды http://astana-akshamy.kz
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жиынына әлеуметтік әріптестік тараптарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Жолаушылар көлігі маршруттарының соңғы және айналма алаңдарына еңбек қауіпсіздігі талаптарының, жүргізушілердің еңбек және тынығу режимінің сақталуын мониторингтеу мақсатында жүргізілген шығу рейдтерінің қорытындысы және сараптамалық жұмыс тобының қорытындысы негізінде алдын ала қорытынды жасау және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын айқындау бойынша мәселелер қаралды.
Тараптардың өзара келісімі негізінде отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.