«ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 20 қазанына дейін қабылданады.
Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығындареспубликалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбексіңірген қайраткерлері мен медиасарапшыларданқұралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесіжәне 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақытабысталады.
«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио жәнеинтернет-журналистика саласындағы үздікжетістіктер үшін беріледі.