Ел тынысы

Үй жанындағы дүкендердегі  бағаларды бақылау күшейтіледі

Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі»  бағаларды бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылуда.

«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда»,

— деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button