ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім беру басталды

Бүгін, 1 шілдеден бастап, үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған. Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.
Соңғы 8 жыл ішінде 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге атсалысып, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді араласып, өз ісінде көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешіп, жаңашыл идеяларды белсенді жүзеге асыратын болса, онда сізді үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.