Қоғам

Турнирден кейін аумақты тазалады

Астанада алғаш рет стритфишингтен ашық чемпионат өтті – бұл қала аумағында спорттық балық аулау түрі. Іс-шараға 23 команда қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz..

Жарыс Есіл өзенінің жағасындағы бұрынғы газ аппаратура зауыты аумағында өтті. Чемпионат аяқталғаннан кейін барлық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақты тазалауға қатысты. Олар қоқысты арнайы берілген пакеттерге жинап, полигонға апарды. Тазалық жұмыстарынан кейін турнир жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жарысқа 46 спортшы қатысты, әр командаға бақылаушы төреші бекітілген.

«Чемпионат әлем бойынша қолданылатын халықаралық стандарттарға сай өтті. Қатысушылар 16 см-ден бастап алабұға, 25 см-ден бастап көксерке, 30 см-ден бастап шортан ұстады. Балық қармаққа түскен соң арнайы сызғышпен өлшеніп, суретке түсіріліп, қайта суға жіберілді», – деді төреші Бақытжан Әділбеков.
Жарыс әрқайсысы үш сағаттан тұратын екі турдан тұрды.

Чемпионатты Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы үйлестірді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балық инспекциясымен өзара әрекеттесті.

«Стритфишинг – бұл жыртқыш балық аулауға арналған. Бұл Қазақстан үшін жаңа бағыт. Чемпионат жеңімпаздары, егер қатысушылар мен командалар саны бойынша нормативтер орындалса, спорт шеберлігіне кандидат атағына дейінгі дәрежеге үміткер бола алады. Бұл – басқа олимпиадалық емес спорт түрлері сияқты мемлекеттік стандарттармен реттеледі. Спорттық балық аулау федерациясында басқа да бағыттар дамып жатыр», – деді төреші-хатшы Андрей Рогов.

Астанада өткен стритфишинг чемпионаты – осы спорт түрінен өткен алғашқы ресми жарыс әрі қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button