Елорда тынысы

Туризм бағытын талқылады

Астанада әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі Эксперттік кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көлік секторы, туроператорлар, медицина ұйымдары және басқа да сала өкілдерін біріктірді.

Отырыс барысында 2024 және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижесі шығарылып, елорданың бәсекеге қабілетті туристік дестинация ретіндегі даму перспективалары, инфрақұрылымды жетілдіру, туристік қызметтер сапасын арттыру және салааралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

2024 жылы Астана экономикасындағы туризм үлесі 5,9% (919 млрд теңге) құрады. Қалаға 1,5 млн турист келді, олардың ішінде 350 мыңға жуығы шетелдік меймандар. 2025 жылдың бірінші тоқсанында туристік ағын 7 пайызға өсіп, 314 мың адамға жетті. Оның ішінде 68 мыңы шетелдік туристер. Қонақтардың басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германиядан келуде. Жолаушылар ағыны да өскен: әуе қатынасы бойынша – 9 пайызға (2 млн адам), ал теміржол қатынасы бойынша – 23 пайызға (1,2 млн адам) өсті.

Эксперттік кеңесінің алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен салалық өкілдер арасындағы тұрақты диалог алаңына айналып, тиімді туристік саясат қалыптастыруға және Астананы ішкі және халықаралық туризм нарығында ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Отырыс аясында келесі басым бағыттар айқындалды:
– «Ақылды» туризм мен цифрлық шешімдерді енгізу;
– медициналық туризмді дамыту;
– инклюзивті орта құру;
– гастрономиялық кластерлер қалыптастыру;
– MICE-туризмді ілгерілету;
– жыл бойғы туризмді қамтамасыз ету және басқа да бастамалар.

Отырыс соңында Евгений Глотов туризмді дамыту Астананың экономикалық өсіміндегі негізгі басым бағыттардың бірі екендігін атап өтті. Ол бірлескен күш-жігер нәтижесінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, Астананы әлемнің сан түкпірінен меймандар тартатын туристік орталыққа айналатынына сенім білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button