Қоғам

Туристік полиция қызметкері шетелдік қонақтарға көмектесті

Астананың қонақжай әрі мейірімді келбетін айқындайтын кезекті оқиға елорданың басты нышандарының бірі — «Бәйтерек» монументі маңында болды. Беларусь Республикасынан келген екі турист қала көрікті жерлерін тамашалап жүріп, туристік полиция инспекторы Балжан Қаратаеваға жолығады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қонақтар одан туристік автобустардың жүру кестесі мен бағыты, сондай-ақ Астанадағы ең қызықты әрі әсем нысандар туралы сұрайды. Кәсіби біліктілігі мен жоғары мәдениеттілігімен ерекшеленетін инспектор шетелдік меймандарға толық ақпарат беріп, оларға ЭКСПО қалашығы, Президенттік саябақ, «Астана Опера» театры, Ботаникалық бақ және «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы секілді көрікті орындар жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Қонақжайлылықтың белгісі ретінде Балжан Қаратаева туристерге Астананың көрікті жерлері бейнеленген кітап, карта және ақпараттық буклеттерді сыйға тартты. Беларусьтен келген саяхатшылар жылы қабылдау мен пайдалы кеңестер үшін ерекше алғысын білдіріп, елорда полицейлерінің сыпайы әрі ілтипатты қызметіне жоғары баға берді.

Туристік полиция қызметкерлері күн сайын шетелдік және отандық саяхатшыларға бағыт-бағдар беріп, олардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Олардың басты мақсаты — Астананы шетелдік қонақтар үшін қауіпсіз, қонақжай және есте қаларлық қалаға айналдыру.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button